- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бозымбаев су тасқынынан...
Бозымбаев су тасқынынан бүлінген үйлерді қалпына келтіруге шамамен қанша қаржы керегін айтты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстанда тасқыннан бүлінген үйлерді қалпына келтіру үшін шамамен 260 миллиард теңге керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатыр.
"Шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралды, эвакуациялық пункттердегі 3664 тұрғынға барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12 мың 86 тұрғын үй мен 7 380 саяжай (жалғыз баспана саналады) су астында қалды", - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.
Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй зерттеліп (94 пайыз), 15 651 нысан бойынша бағалау аяқталған (81 пайыз).
"Қазіргі уақытта зерттеу қорытындысына сәйкес 9 306 баспана қалпына келетін санатқа жатқызылды. 8 190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5 714 баспана сатып алу және 2 506 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет", - вице-премьер.
Үкімет басшысының орынбасары қазір 6176 отбасыға 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алғанын атап өтті.
"Зардап шеккен аймақтарда бүгінде 3414 отбасы қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер сатып алынды немесе өтемақы төленді. Зардап шеккен азаматтарға арналған 2503 жаңа баспана салынып жатыр", - деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ вице-премьер 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде біржолғы төлемдерге тоқталды.
"2024 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша 33 321 отбасы 12 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұл жұмыс Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында толық аяқталды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарында төлемдерді беру жалғасып жатыр", - деді ол.
Қанат Бозымбаев 15,4 мыңнан отбасыға тұрмыстық техника алуға 7,6 млрд теңге төленгенін жеткізді.
"Бағалау аяқталғаннан кейін зардап шеккен тұрғындарға 150 АЕК мөлшерінде жоғалған қажет заттарды сатып алу үшін қосымша өтемақы төленуде. 7,6 млрд теңге көлемінде 15 355 отбасы өтемақы алды. Мал шығыны үшін мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Сонымен қатар зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар басталған.
"Қазір өңірлік комиссиялар шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы сомасы 833 млн теңгеге 124 өтінімін қарады және мақұлдады. Жалпы алдын ала бағалауы бойынша 24,1 млрд теңге сомасына 797 ШОБ субъектісі зардап шекті. Осы объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жүргізілуде, олардың қорытындысы бойынша өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылады", - деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ тасқыннан бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге 49 млрд теңге керек.
"Алдын ала бағалау бойынша, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін Үкімет резервінен 48,7 млрд теңге қажет. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге бағытталады. Бүгінде 39,8 млрд теңгеге жобалар дайындалып, құжаттаманың Қаржы министрлігіне ұсынылды", - деді Қанат Бозымбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен