"Аяғы мен қолын жұлып алған". Акула танымал актерға шабуыл жасаған

"Аяғы мен қолын жұлып алған". Акула танымал актерға шабуыл жасаған
Фото: depositphotos.com/SURZet

"Пираты Карибского моря: На странных берегах" фильміне түскен серфер, актер Тамайо Перридің қолы мен аяғын акула жұлып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stab Magazine-ге сілт еме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам аяқ-қолсыз Гавайи штатында табылған. Ал Sky News мәліметінше, 49 жастағы Тамайо Перри жағажайда құтқарушы болып жұмыс істейтін. Ол үзіліс кезінде серфингпен айналыспақ болған. Артынша шұғыл қызметке бьелгісіз ер адам хабарласып, акула адамға шабуыл жасағанын көргенін айтады. Акула шабуыл жасаған адам актер болып шыққан. 

Актердің денесі жағаға қарай алынған. Акула актердің аяғы мен қолын жұлып алған. Ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина