Қазақстан азаматтары Кореяда жұмыс істей алады: министрлік арнайы құжат әзірледі

Қазақстан азаматтары Кореяда жұмыс істей алады: министрлік арнайы құжат әзірледі
Фото: depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеу үшін арнайы құжатты әзірлегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр бүгінде құжатты оңтүстіккореялық тарап қарастырып жатқатын жеткізді.

"Министрлік жобаны әзірледі. Осылайша, ол мемлекеттік органдармен келісіліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы оңтүстіккореялық тарапқа келісу үшін жіберілді. Қазір меморандум Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жобаны Оңтүстік Корея тарапы мақұлданғаннан кейін оны одан әрі ілгерілетіп, жалғастырамыз", - деді Светлана Жакупова Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында БАҚ өкілдеріне.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Есен