Қостанай облысында екі қыз суға батып кетті: біреуі әлі табылмай жатыр

Қостанай облысында екі қыз суға батып кетті: біреуі әлі табылмай жатыр
Фото: depositphotos.com

Бүгін Қостанай облысында екі қыз суға батып кетті. Біреуі әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға Варваринка ауылындағы Аят өзенінің маңында болған. 2008 және 2006 жылы туған екі қыз ата-анасымен демалып жүрген.  

Құтқарушылар бір қыздың денесін алып шыққан. 

Екінші қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина