Алматыда университет маңындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды

Алматыда университет маңындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды
Фото: Massaget.kz

Алматыда университет маңындағы субұрқақ жанында жігіт өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Қаз ҰУ маңындағы субұрқақ маңында болған. БАҚ мәліметінше, марқұм жігіт университет студенті емес. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"Тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина