- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Меккеде 3 мыңдай...
Меккеде 3 мыңдай адам ауруханаға түсті
Меккеде 3 мыңдай адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Меккеде ми қайнатар ыстықтан қажылыққа барған 3 мыңға жуық адам ауруханаға түсті. Телеарна мәліметінше, өңірде сынап бағанасы 47 градустан асып кеткен.
"Синоптиктер осы темпартура апта соңына дейін сақталатынын ескертіп отыр. Осыған байланысты билік тарапынан салқындату шаралары күшейтіліп, адам жүретін жолдарға 750 су шашқыш баған орнатылды", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Меккеге қажылыққа бара жатқан 14 адам қайтыс болғаны хабарланды.
Министрлік өкілдері қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан көз жұмғанын айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбіде Меккеде ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова