"Елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық": Гүлзира Айдарбекова тосын жаңалық айтты

"Елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық": Гүлзира Айдарбекова тосын жаңалық айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жаңалық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Атырауда жоспарланған Қайрат Нұртастың концерт өткізілмейді, себебі ұйымдастырушылар ұятқа қалдырған.

"Құрметті Атырау қаласының қонақтары және тұрғындары! 17.07.2024 жылы Атырау қаласы Махамбет драма театрында болу қажет Қайрат Нұртастың концерті өткізілмейтін болды. Себебі ұйымдастырушы кесірінен концертімізді өткізбеуге тура келіп отыр. Билеттеріңіздің ақшасын сол компаниядан қайтарып алсаңыздар болады. Қайрат Нұртас және оның командасы концертке дайын екенін ұйымдастырушыға хабарлап айтқанда, ол кісілерден кері байланыс ала алмадық. Сіздерден тудырған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз. Не ватсапқа жауап жоқ, тұтқаны мүлдем көтермейді. Түнгі 12-ге дейін еш жауап ала алмадық, қатты уайымға салынып отырмыз. Амал жоқ, біз ұшпадық, билеттеріңіздің ақшасын қайтарып алыңыздар. Пәлен жыл жұмыс жасаған адам осылай елдің алдында ұятқа қалдыратын тірлік жасайды деп ойламадық. Біз жақтан айып жоқ, жолға дайын отырдық, бүкіл хабарласқанымыз, хаттарымыз тұр", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова