Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот тоқтады

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдіктіге қатысты сот тоқтады
Фото: qamqor.gov.kz, видео кадры

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан күліктіге қатысты сот тоқтады. Себебі Нұрболат Дәкебаевтың ісі қайта тергеуге жіберілген. Енді оған бұзақылық бабымен қатар, орта деңгейде жарақат келтіру бабы бойынша айып тағылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

27 қаңтар күні түнде шақыртумен бір жасар балаға келген жедел жәрдем жүргізушісі мен күдіктінің арасында жанжал туған. Арты төбелеске ұласып, Төреғали Берікқалиұлы оңбай таяқ жеген болатын. Кейін күдікті бой тасалап, бір аптадан кейін Қарағанды облысындағы қыстақтардың бірінен табылды.

Алғашында жәбірленуші Нұрболат Дәкебаевты кешіргенін айтқан. Бірақ сотта ол ойынан айнып, бес миллион теңге материалдық шығын талап етті. Оның үстіне қосымша медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына орта деңгеде зиян келгенін растаған. Сондықтан оның қорғаушылары бұзақылыққа тағы бір бап қосуды сұраған. Онлайн режімде өтіп жатқан процесті уақытша тоқатқан судья істі прокуратураға жолдады.

"Әлихан Бөкейхан ауданының проукурорына іс қайтарылсын. "Бұзықылық" бабымен қозғалған іске қосымша "Адам денесіне орта деңгейдегі жарақат келтіру" бабы, яғни, 107-бабтың 1-тармағы қосылсын", - деді судья Бақтияр Ақанов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан