Балмұздақты көп жеу денсаулыққа қауіп төндіре ме? Дәрігер жауабы

Балмұздақты көп жеу денсаулыққа қауіп төндіре ме? Дәрігер жауабы
Фото: Pixabay.com

Жаз басталса, көшеде екінің бірінің қолында балмұздақ болады. Балмұздақ ыстықта салқындауға көмектеседі, тәтті дәмі болғандықтан көңіл-күйді көтереді. Бірақ оны көп мөлшерде жеуге бола ма немесе күніне қанша балмұздақ тұтынуға рұқсат етілген? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Балмұздақты тым көп жесе, не болады?

Ұйқы бұзылады. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша, құрамында талшығы аз және қаныққан майлары жоғары тағамдарды жеу терең ұйқыға кете алмау және түнде жиі оянуға әкеп соқтыруы мүмкін. Қантты әсіресе түнде көп тұтыну, қалпына келтіретін терең ұйқының мөлшерін азайтады.

Егер түнде қарныңыз ашса, ұйықтар алдында банан жеңіз, ол магнийге бай, бұл ұйқыны жақсартады.

Көңіл-күй мен ми саулығы нашарлайды. Балмұздақ сияқты майы мен қанты жоғары тағамдар миға зиян. Көптеген зерттеу нәтижелері тазартылған қантты көп тұтыну мен мидың дұрыс жұмыс істемеуі, тіпті депрессияның дамуы арасындағы байланысты анықтады.

Артық салмақ. Балмұздақ - калориялы өнім, зерттеу нәтижелері ұзақ уақыт бойы қантты көп тұтыну мен салмақ қосу арасындағы байланысты көрсетті. Сондықтан балмұздақтың көп мөлшері семіздікке, қант диабетіне және жүрек ауруларына шалдықтыруы әбден мүмкін.

Созылмалы аурулардың қаупі артады. Швед ғалымдарының зерттеу нәтижесіне сәйкес, қант пен қантты тағамдарды, соның ішінде балмұздақты жиі тұтыну созылмалы аурулардың, соның ішінде екінші типтегі қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісік ауруларының даму қаупін арттырады.

Жүректің тоқтап қалу қаупі артады. Израильдік науқастарға жүргізілген зерттеу адамдардың әдеттен тыс ауыр тағамды қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде инфаркт алу ықтималдығы жоғары екенін көрсетті. Май мен қант мөлшері жоғары тағамдар қандағы инсулин мен триглицеридтердің кенеттен бөлінуіне, қан қысымы мен жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына әкеледі.

"Салдарынан тромбоциттер бір-біріне жабыса бастайды, бұл тамырлардың бітелу қаупін тудырады, ал жүрекке қан ағымының төмендеуі өз кезегінде инфаркт тудыруы мүмкін"

Бір отырғанда қанша балмұздақ жеуге болады?

Әрине, күн сайын балмұздақ секілді калориялы, майлы және ауыр тағамдарды көп мөлшерде тұтыну, зиян. Алайда, бұл жағдайда "кез келген тағамды аз мөлшерде жеуге рұқсат" деген тіркес сәйкес келеді. Яғни, серуен кезіндегі бір дана балмұздақ денсаулыққа аса қатты зиян тигізбейді. 

Бірақ егер сіз балмұздақ жеудің жағымсыз әсерінен аулақ болып қана қоймай, сонымен қатар тағамды пайдалы еткіңіз келсе, балмұздаққа жаңа піскен жидектер, туралған жаңғақтар, Чиа тұқымдары, банан, ананас немесе қытырлақ дәнді дақылдарды қосыңыз. Бұл өнімдер тағамдағы дәрумендер, минералдар мен талшықтарды айтарлықтай арттырады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Туған күнге ерекше құттықтаулар

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә