Баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар керек?

Баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар керек?
Фото: massaget.kz/ Ернар Алмабек

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Баланы бірінші сыныпқа беру үшін не істеу керек? Massaget.kz тілшісі eGov порталындағы мәліметтерге сүйене отырып, құжаттар тізімін ұсынады.

Қазір баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін ешқандай емтихан тапсырылмайды. Жалпы білім беретін мектептер баланың дайындық деңгейіне қарамастан, мектеп қызмет көрсететін аумақта тұратын алты жастағы және жыл соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға міндетті.  

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш. Оны ата-ана немесе оларды алмастыратын тұлғалар жазады;
  2. Жеке басын растайтын құжат;
  3. "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  4. 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  5. Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

Құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн түрде немесе тікелей мектепке барып тапсыруға болады.

Оқи отырыңыз: Балаңыз мектепке баруға дайын екенін қалай түсінуге болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова