- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодар облысында адамды...
Павлодар облысында адамды бауыздап, орындықта тынығып отырған ер адам видеоға түсіп қалды
Павлодар облысында адамды бауыздап тастаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеолардың бірінде ер адам тұрғынды пышақтап, артынша түк болмағандай орындықта тынығып отырғаны көрсетіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиға орнына медицина қызметкерлері келіп, ер адам қайтыс болғанын анықтағанын айтты.
"16 маусымда сағат 19.23-те ер адам пышақ жарақатын алғаны туралы хабар түсті. Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен", - дейді басқарма өкілдері.
Жергілікті Полиция департаменті күдікті ұсталғанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл қылмысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды", - ПД өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина