- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Нәжіспен тамақтандырған". Шымкентте...
"Нәжіспен тамақтандырған". Шымкентте 6 баланы асырап алған ер адамның психикалық ауытқуы барын ешкім білмеген
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина Шымкентте психикалық ауытқуы бар адамға асырап алынған балалардың қамқоршысы болуға қалай рұқсат берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Брифинг барысында журналистер Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасарынан бұл адамға асырап алынған балалар қалай сеніп тапсырылғанын сұрады.
Овечкина қамқоршылық органдары асырап алған ер адамның психикалық ауытқуы барын білмегенін айтты.
"Шымкентте алты баланы үнемі қорлаған деп айыпталған асырап алушы әкесі психикалық ауруы жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынған. Бұл отбасында алты бала болды, олардың екеуі толық асырап алынған, төртеуі қамқорлықта болған. Қамқоршылықты белгілеу кезінде кандидаттар асырап алуға немесе қорғаншылықты белгілеуге қарсы көрсетілімдері жоқ екенін растайтын құжаттар мен анықтамалар ұсынды", - деп түсіндірді Овечкина.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда балалардың құқығын қорғау және білім беру мәселелері бойынша заң жобасы дайындалып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлағаны хабарланды.
"Тәуіпкершілігі бар" – Шымкентте асырап алған балаларын аяусыз қорлаған отбасының көршілері
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова