"20 мың теңге берді". Хит әндердің сөзін жазған ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірді

"20 мың теңге берді". Хит әндердің сөзін жазған ақын Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірді
Фото: видеодан кадр

Көптеген танымал әншілердің әніне сөз жаған ақын Ершат Қайболдин "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында әнші Нұрболат Абдуллинге ренішін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен барынша арлы болуға тырысамын. Ешқашан "маған осындай ақша бер, мен осындай өлең жазып беремін" деп айтып көрген емеспін", - дейді Ершат Қайболдин.

Ақын ең көп еңбекақысы 20 мың теңге болғанын айтты.

"Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың" деген әнінің қаламақысына 20 мың теңге алдым. Бірден берген жоқ. "Хит болып кетсе, беремін, еңбегіңді жемеймін" деді. Бұл тойларға шығып, хит болғаннан кейін берген ақшасы. Жыладым", - деді ақын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова