Шуда 2 тоннадан аса қарасора өртелді

Жамбыл облысында бір аптада 2 тоннадан аса қарасора жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр жасалған жаңа карта полицияға Шу алқабындағы жабайы қарасора өсетін нақты аумақты жүйелі бақылауға мүмкіндік берген. ​Өткен аптада 1,8 гектар жерде ору, кейін өртеу арқылы 2 тонна 150 келі жабайы қарасора жойылды.

"Есірткіге қарсы іс-шаралар кешеніне жабайы қарасораны дайындап, әкетудің алдын алу ғана емес, оның  плантацияларын жою да кіреді. Негізгі ошақтар - қараусыз қалған бақшалар, мақсатына сай пайдаланылмайтын ауылшаруашылық алқаптары. Біз химиялық өңдемейміз, өйткені бұл экологияға зиян. Шөпті шабу тиімділігі жағынан химиялық заттардан төмен, бірақ әлі де тиімді әдіс саналады. Біз жыл сайын қарасораның вегетативті жетілуіне дейін барлық процедураны орындауға тырысамыз. Біздің жұмысымызға түсіністікпен қарайтын ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз," – деді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. 

Былтыр Жамбыл облысының аумағында 220 тоннадан аса жабайы қарасора жойылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!