- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр жол сапасы...
Министр жол сапасы ең жаман өңірлерді атады
Фото:
Massaget.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев жол сапасы ең жаман өңірлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде ең жаман жолдар Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында. Осыған байланысты Батыс Қазақстандағы жолдарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ақша бөлініп жатыр. Ол жақтағы жолдар қалыпқа келтіріледі", - деді министр.
Ведомство басшысы басқаларымен салыстырғанда бұл өңірлерге көбірек қаржы бөлініп жатқанын айтты.
"Жолдардың ахуалы нашар, 2024 жылғы жағдай бойынша көрсеткіш – 36 пайыз", - деді Марат Қарабаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен