Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқысқа толы әуе шарларын ұшырды

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға тағы қоқысқа толы әуе шарларын ұшырды
Фото: Yonhap

Солтүстік Корея тағы да көрші Оңтүстік Кореяға ішіне қоқыс салынған әуе шарларын ұшырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Билік тұрғындарға жарылған жағдайда оған жақындамау қажеттігін ескертті. Полицейлер не әскерилерді шақыруға кеңес берді. Пхеньянның бұл әрекеті өткен аптадан бері жалғасып келеді. Осы уақытқа дейін әжетхана қағазы, пластик шөлмектер секілді түрлі заттар салынған мыңнан аса шар ұшырған.

Осыдан кейін Сеул бұл тұрғындарға қауіп төндіретінін айтып, арадағы әскери клісімшартты тоқтатты. Негізі Оңтүстік Кореядағы белсенді топ өкілдері көрші елдің билігін сынға алатын үнпарақтары бар шарлар ұшырып отырады. Солтүстік Корея бұған жауап ретінде осындай қадамға барғанын мәлімдеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина