Маңғыстау облысында мектеп бітіргеніне 30 жыл толған түлектер ауылдағы кіреберіске қақпа орнатты

Маңғыстау облысында мектеп бітіргеніне 30 жыл толған түлектер ауылдағы кіреберіске қақпа орнатты

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылының 1977 жылы туған азаматтары мектеп бітіргендеріне 30 жыл толуына орай ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңадан салынған кіреберіс қақпаның биікті 8 метр, ұзындығы 13 метр. Сыртқы қасбеті ұлттық нақышта ою өрнекпен безендірілген.

Сондай-ақ Сәттіғұл Жаңғабылов атындағы мектепті бітіргеніне 10 жыл толған түлектер де туған жерді түлетуге үлестерін қосты. Олар айтулы мерекеге орай Тұщықұдық ауылындағы саябаққа стелла орнатқан. Биіктігі 3,5м таста елді мекеннің символдары бейнеленген.

"Тұщықұдықта кіреберіс қақпаның ашылуы болып, ауыл аспаны әнге бөленді. Ауыл үшін аянбай, игі істің басынан табылған түлектерге ауылдастары алғыс айтып тарасты", - деп хабарлады mangystaumedia.kz.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан