- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде жоғалып кеткен...
Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы Кәрім Жетіру өлі табылды
Төртінші күні кәмелетке толмаған Кәрім Жетіруді іздеу бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында онын денесі Юрта мейрамханасының маңындағы Елек өзенінен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.
Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 бірлік техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланды. Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді.
Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске салайық, Ақтөбеде аутизммен ауыратын жасөспірімді тікұшақпен іздеп жатқаны хабарланған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина