Қазақстанда TikTok бұғатталмайды - министрлік

Қазақстанда TikTok бұғатталмайды - министрлік
Фото: depositphotos.com / rokas91

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов елімізде TikTok желісі бұғатталмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сұрақ TikTok-қа қатысты болды. Министрлікте қазіргі уақытта (бұл әлеуметтік желіні - еск.) бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ... Жалпы елімізде әлеуметтік желіні толық бұғаттау күн тәртібінде жоқ", - деді Қанат Ысқақов Сенат кулуарында.

Министрдің орынбасары әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда қаралатынын жеткізді.

"Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген. Сіз Ұлттық қауіпсіздік туралы заңды оқысаңыз, онда бәрі жазылған. Бұл - мемлекеттің аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға және әлеуметке қауіп төндіру және ұлттық қауіпсіздікке жататын тағы басқа мәселелер", - деді вице-министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Есен