Төрт адам қаза тапқан: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Төрт адам қаза тапқан: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: өңірлік ПД

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 маусымда сағат 15:00 шамасында Ақтөбе-Орск тасжолында, Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған.

Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.

"Көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Орск қаласына жолаушыларды ресми тасымалдағаны және жол апатынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол апатының алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізгені анықталды. Соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген", - деп жазылған хабарламада.

Жол апаты бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AKTOBE (@polisia_aqtobe)

​Полиция департаменті азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова