- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі жасар бала...
Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті
Фото:
depositphotos.com
2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде болған.
Оқиға шомылуға жабдықталмаған аймақта болды. Себебі – судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан