Дипломат күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көрген Карина Мамаш жантүршігерлік кадрларды бөлісті

Дипломат күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көрген Карина Мамаш жантүршігерлік кадрларды бөлісті
Фото: t.me/qumash_kz

Дипломат күйеуінен 10 жыл бойы зәбір көрген Карина Мамаш жантүршігерлік кадрларды бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, БАӘ елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш әлеуметтік желіде парақша ашып, онда "бақытты сәттерін" бөлісе бастаған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @saken_mamash

Карина Мамаш бұл жазбаларға жауап ретінде отбасылық өмірінде көрген сұмдық жайттардың видеосын бөліскен. 

Бұған дейін 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш не үшін 10 жыл бойы зорлыққа шыдап жүргенін айтып берген болатын.

Карина Мамаштың сөзінше, ол қателескенін мойындауға ұялған.

"Ол менің таңдауым болды ғой. 15 жасымда ол адамға қатты ғашық болып қалдым. Ол басқа адам болып шыққанын мойындаудан ұялдым", - дейді Карина Мамаш Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында.

"Сені тек о дүниеге жіберемін". 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Карина Мамаш

Карина Мамаш қай сәтте "махаббат біткенін" түсінгенін айтты.

"Бір кезде жақсы, бір кезде жаман сәт болады. Мен кетуім керегін түсіндім. Ол жұмысқа шыққаг кезде балаларды алып, анама кетіп қалатын кезді күттім. Ол маған мас күйде "күтпеген жерден жамандық жасаймын, сені тек о дүниеге жіберемін, бірақ оны басқа біреу істейді. Сенен ажыраспаймын да, балаларды да алмайсың. Не менікі боласың, басқа ешкімдікі болмайсың. Сені не қасқырлар жеп тастайды, немесе 14-қабаттан лақтырып жіберемін" деді. Бұл өте қорқынышты сезім. Бір шеті кеткің келеді, бірақ оның салдары қандай болатынын түсінесің. Себебі ол адам өлтіруге дайын", - дейді Карина Мамаш.

Ол бұған дейін #НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесінде де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина