Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды
Фото: pixabay.com

Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылып, кері қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекця комитетіне сілтеме жасап. 

Биыл Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасы арқылы шет мемлекеттерден 1 075 автокөлікке тиелген 15 637,802 тонна қызанақ өнімі әкелінген.

Ал фитосанитария талабына (фитосанитариялық сертификаты жоқ, таңбасы жоқ) сай келмейтін 8 көлікке тиелген 29,522 тонна қызанақ өнімі өз еліне кері қайтарылған. 

Сонымен қатар, өнімнің жасырын зарар жұқтырғанын анықтау мақсатында шетелден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыштың әрбір партиясына тиісті карантиндік фитосанитария сараптамасы (ПТР) жасалған.

Нәтижесінде Түрікменстан Республикасынан әкелінген - 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасынан - 4,2 тонна қызанақтан "қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы" табылған.

Өнімдерді кіргізуге тыйым салынып, келген жағына қайтарылды. Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау бекеттерінде талапқа сай келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнім кері қайтарылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек