- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Зәр ішкізіп, нәжіспен...
"Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған". Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлаған
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкентте асырап алынған балаларға қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, қазір тергеу жүріп жатыр.
"Бұл қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Бұл оқиғада біраз сұмдық бар. Соның бірі, балалардың үлкенінің сөзінше, асырап алушылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ, олар балаға тиесілі ақшаны ешкілер сатып алуға жұмсап, балаға баққызып қойғандары туралы дерек бөлек тергеліп жатыр. Бұл жағдайда балалардың үлкенінің денесіндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр", - деп жазды Динара Закиева.
Оның айтуынша, бұл - кейінгі бірнеше ай ішінде баланы асырап алған ата-анасы азаптаған төртінші жайт.
Еске салайық, бұған дейін де Шымкент тұрғыны асырап алған балаларына қорлық көрсеткені, алты баланы қамқорлығына алып, оларды қинады деп күдікке ілінген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова