"Сені тек о дүниеге жіберемін". 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Карина Мамаш

"Сені тек о дүниеге жіберемін". 10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Карина Мамаш
Фото: скрин

10 жыл бойы дипломат күйеуінен зәбір көрген Карина Мамаш не үшін ондаған жыл бойы зорлыққа шыдап жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Карина Мамаштың сөзінше, ол қателескенін мойындауға ұялған.

"Ол менің таңдауым болды ғой. 15 жасымда ол адамға қатты ғашық болып қалдым. Ол басқа адам болып шыққанын мойындаудан ұялдым", - дейді Карина Мамаш Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында.

Карина Мамаш қай сәтте "махаббат біткенін" түсінгенін айтты.

"Бір кезде жақсы, бір кезде жаман сәт болады. Мен кетуім керегін түсіндім. Ол жұмысқа шыққаг кезде балаларды алып, анама кетіп қалатын кезді күттім. Ол маған мас күйде "күтпеген жерден жамандық жасаймын, сені тек о дүниеге жіберемін, бірақ оны басқа біреу істейді. Сенен ажыраспаймын да, балаларды да алмайсың. Не менікі боласың, басқа ешкімдікі болмайсың. Сені не қасқырлар жеп тастайды, немесе 14-қабаттан лақтырып жіберемін" деді. Бұл өте қорқынышты сезім. Бір шеті кеткің келеді, бірақ оның салдары қандай болатынын түсінесің. Себебі ол адам өлтіруге дайын", - дейді Карина Мамаш.

Еске салайық, "#НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Әйелдің сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесінде де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина