"Жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ". Роза коуч қыздарға кеңес берді

"Жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ". Роза коуч қыздарға кеңес берді
Фото: Massaget.kz

Танымал коуч әрі блогер Роза Әшірбаева қыздарға кемінде 25 жасқа дейін қарым-қатынаста болмауды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Менің ойымша, қыздарға кемінде 25 жасқа дейін қарым-қатынастың қажеті жоқ. Себебі білім алу керек, жұмыс істеу керек, тәжірибе болуы керек. Қарым-қатынаста бола тұрып білім алу үшін қыздарға жағдай жасалмайды. Кейбір қыздарға жағдай жасалады, кейбіріне жасалмайды. Тұрмысқа шықты ма, болды, ол тұрмысқа кіреді. Ол сол үйдің бүкіл тірлігіне кіреді. Егер екі студент үйленсе жігіт барып жүрген сабағына барып, кете береді. Тойдың ертесінде жігіт сол киімін киіп, сабағына кете береді. Ал қыз үйде ыдыс жуып қалады.

Яғни екеуінде мүмкіндік екі түрлі. Қыз бала аса білім алмайды, ары қарай жұмыс істемейді. Бір баламен тоқтамайды, бірнеше бала болады, ал көзді ашып жұмғанша 30-ға келеді. Ол бұған дейін жұмыс істеп көрмеген, ақша тауып көрген жоқ. Ал жігіт білімін алды, дипломын алды, магистратура оқыды, жұмыс істеді, тәжірибе алды, оның қоғамда орны бар, қызда жоқ. Бірақ түбінде ер адам ажырасамын десе, басқа біреуді сүйіп қалса, ұрса қыз кете алмайды. Сондықтан айтарым, жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ. Ол жерде жақсы нәрсе жоқ", - дейді Роза Әшірбаева JUZ40 ONLINE Youtube-арнасына берген сұхбатында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz