Күйзеліс жүрек ауруына әкеп соғуы мүмкін: мамандар маңызды ескерту жасады

Күйзеліс жүрек ауруына әкеп соғуы мүмкін: мамандар маңызды ескерту жасады
Фото: depositphotos.com/Champja

Күйзеліс жүрек ауруына әкеп соғуы мүмкін. Мамандар маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күйзеліс кортизол деңгейінің жоғарылауына әкеп соғады. Күйзеліс немесе депрессия эмоционалды жағдай ғана емес, бұл денсаулыққа қатты әсер етуі мүмкін.

Күйзеліс кезінде ағзаның ең осал тұсы жүрек-қантамыр жүйесіне зақым келеді. Бұл туралы Алматы Қалалық кардиологиялық орталығының кардиологы Ғалия Уменова айтты.

Дәрігердің айтуынша, депрессия созылмалы стреспен бірге жүреді, бұл стресс гормоны кортизол деңгейінің жоғарылауына әкеледі.

"Кортизолдың жоғары деңгейі гипертонияға, қан тамырларының қабынуына және қан ұйығыштарының пайда болу қаупі жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін", - деді ол.

Сонымен қатар, күйзеліс симпатикалық жүйке жүйесін белсендіреді, бұл жүрек соғысының жиілігіне және қан қысымының жоғарылауына әкеп соғады. Жүрек пен қан тамырларына жүктеме болады, салдарынан жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ, депрессияға шалдыққан адамдар жүріс-тұрысы аз өмір салтын ұстанып, нашар тамақтанып, алкогольді ішімдік ішіп, темекі шегуі мүмкін. Бұл факторлар жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін едәуір арттырады, яғни атеросклерозға, кардиомиопатияға немесе такоцубо синдромына әкеп соғады, бұл жағдай "сынған жүрек синдромы" деп аталады. Сонымен қатар, миокард инфарктісі мен инсульт болуы мүмкін.

Кардиолог күйзеліс кезінде психотерапевтен немесе психологтан уақтылы көмек сұрауға кеңес берді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова