Атырау облысында ауылдарды су басты: жол жабылды

Атырау облысында ауылдарды су басты: жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында екі ауылды су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлады.

"2024 жылғы 31 мамырда сағат 19:00-де Атырау облысы "Махамбет - Х.Ерғалиев" автожолының 13-14-шақырымындағы (Махамбет - Х.Ерғалиев ауылдарының учаскесі) жол учаскесін су алуына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жол белгілері мен сигналды бағандар орнатылып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан