Антикор Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының қамауға алынғанын растады

Антикор Батыс Қазақстан медицина университеті ректорының қамауға алынғанын растады
Фото: depositphotos.com

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры жемқорлық үшін күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ Басқарма төрағасын әшкереледі.

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, БАҚ бұған дейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры ұсталғанын хабарлаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан