Серікзат Дүйсенғазы ұлттық университеттің деканы қызметіне тағайындалды

Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

"Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Тәжірибелі маман 22 жылдан бері ENU қабырғасында еңбек етіп келеді", - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серікзат Дүйсенғазы жоғарғы оқу орнындағы еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін ENU "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі болды.

Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.

Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ENU "Топжарған" жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім береді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бас ауруының психосоматикалық себебі қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!