Көпшілікке "Моя прекрасная няня" сериалымен таныс Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

Көпшілікке "Моя прекрасная няня" сериалымен таныс Анастасия Заворотнюк қайтыс болды
Фото: сериалдан скрин

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды оның жақындары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, бүгін түнде біздің Настямыз өмірден өтті. Бізге үнемі қолдау білдірген әрбір жанға алғыс айтамыз. Настя сіздердің қолдауларыңызды сезетін", - делінген жазбада. 

Актриса 53 жаста еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина