Маңғыстау облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Маңғыстау облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төрт жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен.

Ол түрлі жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.

"Науқас дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан