- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жұмыс баяу жүріп...
"Жұмыс баяу жүріп жатыр". Премьер-министр басшыларға ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан келген залалды тез есептеуді тапсырып, басшыларға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет басшысы кейбір өңірлерде жұмыс қарқыны төмен екенін жұмыс баяу жүріп жатқанын атап өтті.
"Мысалы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында. Сондықтан әкімдерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтардың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмысты кешіктермей барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы (премьер-министрдің орынбасары), қатаң бақылауда ұстаңыз", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бұған дейін тасқыннан 4,3 мың үй апатты деп танылғаны хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Есен