"Қол тежегішті алып тастаған": Жезқазғанда 5 жасар бала басқарған көлік тұрғындарды қағып кетті

"Қол тежегішті алып тастаған": Жезқазғанда 5 жасар бала басқарған көлік тұрғындарды қағып кетті
Фото: Видеодан алынған кадр

Жезқазғанда 5 жасар бала басқарған көлік тұрғындарды қағып кетті. Оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көліктің адамдарды қаққан сәті түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Оқиға қаланың ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда сәл көлбеу жерде тұрды. Кадрларда оның артқа қарай жүріп бара жатқаны және мейрамханадан шыққан адамдар тобына соғылғаны көрінеді. Оқиғадан бірнеше секунд өткен соң көліктен жас бала жүгіріп шығады.

Видеоға қарағанда, көлікті бала басқарған. Тағы бірнеше секундтан кейін көліктен әйел түседі, ол алдымен зардап шеккендердің жанына барып, содан кейін көмекке жүгіріп бара жатқан еркектерге қарай бет алады.

Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство Жезқазғанда жол-көлік оқиғасы болғанын растап, оның егжей-тегжейін түсіндірді.

"Полиция жол-көлік оқиғасын тіркеді, зардап шеккендер жоқ. Көлікте отырған 5 жасар баланың тежегіш тұтқасын алып тастағаны анықталды. Салдарынан автомобиль өздігінен жүріп, жаяу жүргіншілерге барып соғысты. Түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемеге жатқызылған 4 адамның ішінде бір ғана ер адам бар. Оның қабырғалары сынған және ішкі мүшелері көгерген. Зардап шеккен үш әйел амбулаториялық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалардың көгерген.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай киімдерді кір жуғыш машинада жууға болмайды?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә