Астананы қатты жаңбырдың салдарынан су басты - видео

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан астанасына қатты жаңбыр жауып, салдарынан астаналықтар су басқан көшеде жүруге мәжбүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

MEGA сауда-ойын орталығы ауданындағы жолдарды су басқан, мұндай жағдай жауын-шашыннан кейін жиі болады.

Кадрларда су соратын коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатқанын көруге болады.

Кейбір көшелерде бағдаршам жұмыс жасамай тұр.

Қалада кептеліс пайда болды.

Тіпті, жүргізушілердің бірі шалшықта тіркеу нөмірін жоғалтып алған.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, синоптиктер ертең, 26 мамырда елордада тағы да қатты жаңбыр жауады деп ескертті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә