- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер түнде жұмыс істеу қандай кезде қауіпті болатынын түсіндірді
Дәрігер түнде жұмыс істеу қандай кезде қауіпті болатынын түсіндірді
Түнде жұмыс істеу адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін, ал тәуекел тобына ең алдымен түнгі ауысымда 2 күн жұмыс істеп, 2 күн демалатындар кіреді. Мұндай жұмыс уақытында денсаулық айтарлықтай нашарлайды, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың даму қаупі артады. Бұл туралы сомнолог Павел Кудинов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Общественная Служба Новостейге" сілтеме жасап.
Павел Кудинов түнгі ауысымда жұмыс істейтін барлық қызметкерді екі топқ бөлді: бірінші тобы - күнде түнде жұмыс істейді, содан кейін күндіз ұйықтайды. Екінші тобы - екі түн қатарынан жұмыс істейді, содан кейін олар екі күн ұйықтайды, содан кейін олар "қалыпты режимге" ауысады.
Маманның сөзінше, бірінші жағдайда, адам күн сәулесі мен D дәруменінің жетіспеушілігінен қиындықтарға тап болуы мүмкін, бірақ жалпы денсаулығы жақсы болады.
Екінші жағдайда, ұйқы уақытын реттейтін мидағы биологиялық сағат үнемі адасып тұрады. Сайып келгенде, бұл ұйқысыздықты тудырады.
"Қажетті 8 сағат ұйықтау қиынға соғады, сондықтан уақыт өте келе адам созылмалы ұйқысыздыққа тап болады. Бұл еңбекке қабілеттілік мәселесін тудырады, өйткені қызметкердің тапсырмаға назар аударуы қиындайды", - деді ол.
Мұндай режим жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына, иммунитеттің төмендеуіне, сондай-ақ болашақта онкологиялық аурулардың дамуына қауіп төндіреді.
"Сондықтан биоритммен әзілдесудің қажеті жоқ, бұл жұмыс болса да", - деп қорытындылады сомнолог.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 24 күні туған адамдар қандай болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә