"Халықтан ақша жинамадық". Ырысбала Икрамбай жеке қаражатынан бір отбасыға баспана сыйлады

"Халықтан ақша жинамадық". Ырысбала Икрамбай жеке қаражатынан бір отбасыға баспана сыйлады
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official?

Танымал блогер, "Ырысты армия" қайырымдылық іс-шарасы арқылы көптеген мұқтаж жанның үйлі болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай жеке қаражатынан бір отбасыға баспана сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол баспананың кілтін туған жеріне (Түркістан облысы, Шардана ауданы) көрші ауылда тұратын отбасыға табыстаған. Бүгінде үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Өткен жолы ауылға барғанда көршілес ауылдағы баспанаға мұқтаж бір отбасыға бардық.
Халықтан ақша жинамай, кушон сатқан қаражаттың шетінен бір отбасына қуантамыз деп іске кірістік! Алғыс алғанның тасы өрге домалайды! Жұмада жақсы тілек тілеп, жақсы істерді атқарайық, жақсы ойда болайық!
Баспана алдық, қайыр қылсаң, бүтін қылл деп дүние-мүлкін түгендедік!
Үйді кушон сатқан адамға алдық, жөндеу жұмысын да жасап жатыр жігіттер, шындықты айтайын, ішіндегі дүние-мүлкін инстаграмда жарнама жасап тапқан қаражатыма алдым!" - деп жазған блогер.

Блогер өзіне көмек көрсеткен жақындары мен достарына алғыс білдірді.

"Өле жегенше, бөле же" дейді. Тапқанымызды қалтамызға тыға бермей, алланың разылығы үшін беріп, халыққа да пайдамызды тигізейік.
Үлес қосып жатқан баршаңызға алланың нұры жаусын!
Жездем мен әпкем келіп, жігіттерге тамағын әкеліп, көмектесіп жатыр, мың алғыс!
Жанымда жүрген көмекшім Мадидің анасына да мың алғыс! Жігіттердің ыстық асын әкеліп жүрген.
"Сый қылсаң сыпыра қыл" деп сатып алған үйге жөндеу жұмысын жасап жатыр жігіттер 5 күн бойы. Шымкенттен үйдің жиһазын, ыдыс-аяғын, көрпе-төсегін, кілемін, пердесін тіккізіп, теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ тақта секілді барлық техниканы жаңа етіп алдық.
Ай сайын берілетін жәрдемақымен күнелтіп отырған отбасы бұл дүние-мүлікті қашан сатып алушы-түгендеуші еді. Шеттей бала-шағаның тамағы мен киімі бар. Ал бізге шүкір алла беріп жатыр, балалардың қуанышы мен алланың разылығы үшін қайырымдылық жасасақ, несібеміз ортайып кедей болып қалмаймыз", - деп жазған блогер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Киіт пен кәденің айырмашылығы неде?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә