- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны: тағы...
Су тасқыны: тағы қанша отбасы жаңа тұрғын үй мен пәтерге көшті?
Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Бұл жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.
Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.
356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды.
Айта кетейік, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті. Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина