- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "100 мың теңгеге...
"100 мың теңгеге бағаланған". Биыл Қазақсанда бала сату бойынша 3 факт тіркелген
Фото:
©️ depositphotos.com
Жыл басынан бері елімізде адам саудасының 3 дерегі тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда адам саудасының 19 дерегі тіркелді.
"Қылмыстық істердің басым бөлігін тергелді. Нәтижесінде сәбиді сату дерегі бойынша 16-17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Биыл Қазақстанда сәби сату дерегі бойынша 3 жағдай тіркелді. Барлық қылмыс елімізде жасалған. Онда баланың құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін бағаланған", - деді Марат Қожаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен