- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында аудан...
Атырау облысында аудан әкімінің бұрынғы әйелі 11 жыл бойы соққыға жығылғанын айтты
Атырау қаласының тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан, балаларын тартып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының әкімдігі мәліметінше, аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.
"Мақат ауданы әкімінің бұрынғы жұбайының өтінішіне қатысты азамат А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Мән-жайға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.
Ақмарал Үмбетқалиева бұған дейін әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі аяусыз соққыға жыққанын, тіпті балаларының көзінше "мүгедек етемін" деп тепкілегенін айтқан болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова