- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстауда бюджет қаражатының...
Маңғыстауда бюджет қаражатының 1,4 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсала жаздаған
Маңғыстауда бюджет қаражатының 1,4 миллиард теңгесі тиімсіз жұмсала жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген талдау нәтижесімен "МАЭК" ЖШС қызметінде 1,4 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Кәсіпорын технологиялық бұзушылық актісі негізінде "RTEX" ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей негізсіз жасасқан.
Аталған акт бекітілген Қағиданың талаптарын бұза отырып жасақталған, яғни қағидаға сәйкес I және II дәрежелі бұзылыстарды тексеру нәтижелері ресімделеді ("Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары" ҚР ЭМ 20.02.2015 жылғы №121 бұйрығы).
Кәсіпорында бір көзден шарт жасасуға негіз болған апаттар орын алмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот технологиялық бұзушылық актісі және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп таныды.
Осылайша, 1,4 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, бірқатар басшылар өз қызметтерінен босатылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина