- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ер адам мұра...
Ер адам мұра үшін анасын пышақтап өлтірген
Қырғызстанда мұра үшін анасын пышақтап өлтірген тұрғынға қатысты сот отырысы өтті. Ер адам анасының мүлкін әпкесіне беруге қарсы болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Zamon ақпараттық бағдарламасы оқиға былтыр қарашада болғанын хабарлады. Сұрхандария облысының тұрғыны қызының күйеуіне мүлкінің 40 пайызын, атап айтқанда, көлігін мұраға қалдырмақшы болған, қылмыскер мұраның кесірінен анасымен жанжалдасып қалған.
Түнде ол анасын пышақтап өлтірген. Кейін пышақтағы қанды жуып, ештеңе болмағандай ұйқыға кеткен. Ер адам таңертең жедел жәрдем шақырып, анасын біреу өлтірді деген арызбен тәртіп сақшыларына жүгінген.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 97-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша сотталып, кінәлі деп танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек