Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді
Фото: Tengrinews/Тұрар Қазанғапов

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын мойындады.

"Бір жағынан әйел ретінде, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым, өйткені бұл процесті қоғамның сауығуы мен терапиясына қадам ретінде қабылдаймын. Екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болып тиді, өйткені онда адамшошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғанына жеңілдеп қалдық", - деді Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Нүкеновтар отбасына тағы да көңіл айтты.

"Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады", - деді ол.

Айта кетейік, Назым Каһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр бұрынғы қылмыстық ісі бойынша колониядан босағаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан.

Еске салайық, кеше Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты. Ол 24 жылға сотталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова