Жұрт көзінше итті көлікпен басып өткен депутатқа айыппұл салынды

Желіде Ақмола облысындағы мәслихаттардың бірінің депутаты әріптестерінің алдында итті көлікпен басып өткені туралы ақпарат пайда болды. ПД ер адамның жауапкершілікке тартылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша тексеру жүргізілгенін айтты. Депутат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-бабы бойынша жауапқа тартылды ("Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу"). Ер адамға 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

"Бұл дерек бойынша Зеренді ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізіп, оның барысында полицейлер жүргізушіні жануарға қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікке тартқанын мәлімдейміз", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!