- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзімнің де әке...
"Өзімнің де әке екенім есіме түсті". Игорь Вранчев Салтанат Нүкенованың ісін алуға неліктен келіскенін түсіндірді
Бишімбаев ісі бойынша көпшілікті тәнті еткен адвокат Игорь Вранчев "Однако подкаст" Youtube-арнасына берген сұхбатында алғашында Салтанат Нүкенованың ісіне аса қызығушылық танытпағанын жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Адвокат жәбірленуші тараптың адвокаты болу туралы шешім қабылдау барысында өзінің де әке екені маңызды рөл атқарғанын айтты.
"Шынымды айтсам, мен бұл іске аса қызығушылық танытпадым. Иә, біз бәріміз, Қазақстан азаматы ретінде, болған оқиға туралы жаңалықтардан естігеннен кейін есеңгіреп қалдық. Бірақ, менде бұл іс бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты болу туралы ой болған жоқ. Айтбек маған "мен әпкем Салтанат Нүкенованың ісі бойынша жазып отырмын" деп жазды. Мен сол кезде де түсінбей " бұл кім?" деп жауап бердім. Содан кейін ол әлі жауап бермеген кезде мен кеңсеге келіп, интернетті қарап шықтым және бұл бәрі талқылап жатқан іс екенін түсіндім. Содан кейін біз кездесуге келістік, Айтбек әкесімен бірге келді. Біз кездесіп, сөйлестік, мен оларға бұл істі қолға алатынымды айттым. Сол кезде маған бұл дұрыс шешім болып көрінді.
Менің екі қызым бар, біреуі 23 жаста, екіншісі, жақында ғана бір жасқа толды. Иә, сірә менің әкелік сезімім көбірек оянып, ол осы істі қолға алу туралы шешімді қабылдау барысында әсер еткен болар. Мен бұл іс осындай резонанс тудырады деп ойламадым, жәй ғана әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында жазылады деп күттім", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: 18 жасқа толған құрбыға тілек
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә