Қостанай облысында 5 тонна шөп пен екі шаруашылық ғимараты өртенді

Қостанай облысында 5 тонна шөп пен екі шаруашылық ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Қарасу ауданында жеке ауланың аумағында жалпы алаңы 50 шаршы метр болатын 2 шаруашылық ғимарат пен былтырғы жылғы 5 тоннаға жуық орама пішен өртенген.

"Өрт толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордада өрт шығып, 14 адам эвакуацияланғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!