Елдос Сметов араға ұзақ уақыт салып, Grand Slam турнирінің қола медалін жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов медальсіз турнирлер сериясын аяқтап, Астанадағы Grand Slam додасында қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

60 келі салмақта белдескен Сметов кіші финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовті ұтты. 

Осылайша, біраз уақыттан бері әлемдік турнирлерде жүлде алмаған Елдос Сметов өз еліміздегі жарысты қола медальмен аяқтап отыр. 

Айта кетейік, қыздар арасында Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің чемпионы атанды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!