Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Ақтөбеде ер адам 5-қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбеде ер адам тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мас тұрғынмен келіссөз жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, оны құтқару операциясына кірісті.

Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Ер адам полицияға тапсырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан