"Шұғыл елге қайтарылады". СІМ БАӘ-дегі дипломаттың әрекетіне түсінік берді
!["Шұғыл елге қайтарылады". СІМ БАӘ-дегі дипломаттың әрекетіне түсінік берді](/userdata/news/news_106811/image_l.jpg)
Фото:
коллаж: Ұлысмедиа
Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты шұғыл елге қайтарылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып соғатынын жазған еді. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әкпесіне де қол көтерген.
СІМ-нің баспасөз қызметі ақпаратты Қазақстанның полициясы тексеретінін жеткізді.
"Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен