- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында мектеп...
Жамбыл облысында мектеп әжетханасында төбелес болған: бір оқушы қайтыс болды
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғарғы сынып оқушылары кіші сыныптың балаларын ұру салдарынан бір бала қайтыс болды. Полиция осы дерекке байланысты іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9 сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан. Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған.
"Оларды жекелей ұрған. Ұрып-соғудан кейін бәрі қашып кеткен. Оқиға сырттағы әжетханада болған. Мектеп ішіндегі әжетханалар жабық болған", - дейді қайтыс болған баланың туыстары.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған.
"Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz